Жаңалықтар

Осы заңның кесірінен болып отыр. Аймағамбетов бюджет қаржысының игерілмеу себебін айтты

Осы заңның кесірінен болып отыр. Аймағамбетов бюджет қаржысының игерілмеу себебін айтты
02.06.2023 15:05 787

Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында депутат Асхат Аймағамбетов республикалық бюджеттің  дер кезінде игерілмеу себебін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол мемлекеттік сатып алу - ел экономикасының маңызды реттеушісінңің бірі болып отырғанын еске салып өтті. Жалпы бюджеттің 40-45%-ы әлеуметтік салаға жұмсалып жатыр екен. Яғни, білім беру ұйымдары, денсаулық және мәдениет ұйымдары осы заңнаманың шеңберінде жұмыс істейді. 

Қазір біз жүргізілген жөндеулер мен сатып алынған құрылғылардың сапасы туралы айтамыз. Бірақ осы мәселелердің барлығы “Мемлекеттік сатып алу” заңына тікелей байланысты, - дейді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, қазір депутаттар республикалық бюджеттің игерілуі туралы мәселені қарап жатыр. Бірақ бюджет қаражатының дер кезінде игерілмеуінің ең басты себебінің бірі осы заңның кесірінен болып отыр екен.

Елімізде 21 мыңнан астам білім беру ұйымдары бар. Олардың барлығы “Мемлекеттік сатып алу” заңы бойынша 100 айлық есептік көрсеткішкк дейін бір көзден сатып алу мүмкіндігі болса, қазір ондай емес. Сондықтан әрбір кішкентай заттарды осы заңның шеңберінде сатып алады. Бұл біздің әріптестеріміз үшін қиынға соғып тұр, - деді депутат.

Оның айтуынша, заңнама бірнеше рет өзгерген. 

Биылғы жылдың ішінде “Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру” қағидаларына 3 рет өзгерістер енгізіліп, былтыр 10 рет өзгерген. Сондықтан бұл мәселені біз жіті қарауымыз және талқылауымыз керек, - деді Асхат Аймағамбетов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға