Сотталушы телефоннан бөлек тырнақ алғышты да алып өтпек болған, деп хабарлайды EL.KZ Қостанай облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департаменттің мәліметіне қарағанда, УК-161/1 мекемесіне келген соң сотталушыға тексеру тобы қызметкерлері рентген аппаратынан өтуді ұсынған. Соның барысында оның асқазанынан тыйым салынған зат табылған.
Рентген суреті сотталушының асқазанынан телефоннан басқа тырнақ алғыш та табылғанын көрсетті, - деп хабарлады ҚАЖД.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ведомствода атап өткендей, соңғы жылдары түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды әкелу әрекеттері үнемі қайталанып жүр. Бірақ оның ешқайсысынан нәтиже шықпаған.