Жаңалықтар

Қостанайда жоғарғы оқу орындарының студенттері интеллектуалдық сайысқа түсті

Қостанайда жоғарғы оқу орындарының студенттері интеллектуалдық сайысқа түсті
09.10.2019 15:56 2941

Қостанай облыстық Достық үйінің ұжымы «Рухани жаңғыру» жобасы аясында студенттер арасында «Intellect ASU» зияткерлік ойнын ұйымдастырды.

Қостанайда жоғарғы оқу орындарының студенттері интеллектуалдық сайысқа түсті

«Зияткерлік ойынның мақсаты - студенттердің логикалық, аналитикалық ой-өрісін дамыту және олардың дүниетанымын кеңейту. Жас өрендер білімдерін жетілдіріп қана қоймай, жаңа дос табуы мүмкін. Қазақстан халқы Ассамблеясының басты міндеті – ынтымақтастық пен қоғамдық келісімді нығайту, бұл ретте жастардың рөлі зор», - дейді бөлім басшысы Баян Тыныштықова.

Қостанайда жоғарғы оқу орындарының студенттері интеллектуалдық сайысқа түсті

Зияткерлік ойын екі кезеңде өтті. Алғашқысында студенттер туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне, облыс аудандарының тарихына, Қазақстанның Қызыл кітапқа енгізілген флорасы мен фаунасына қатысты сұрақтарға жауап берді. Олардың күрделілігіне орай командаларға 20-100 ұпайдан тігіліп отырды.

Қостанайда жоғарғы оқу орындарының студенттері интеллектуалдық сайысқа түсті

Студенттерге «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысты өз жобалары ұсынылатын шығармашылық кезең өте ұнады. Топтар 10 минут ішінде жобаларын дайындап шықты. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің және ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының студенттері жобаларын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тең таныстырды.

Қостанайда жоғарғы оқу орындарының студенттері интеллектуалдық сайысқа түсті

Ойын нәтижесі бойынша А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің командасы бірінші орынға, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенттері екінші орынға ие болды. Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттер тобы үшінші орынды қанжығаларына байлады.

Қостанайда жоғарғы оқу орындарының студенттері интеллектуалдық сайысқа түсті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға