Жаңалықтар

Қостанайда үздік әке анықталды

Қостанайда үздік әке анықталды
06.09.2019 16:05 2720

Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі бастамашы болған ІІ облыстық «Әке-Асқар тау» фестиваліне көрермен көп жиналды. 

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, іс-шараның басты мақсаты - отбасылық тәрбиедегі әкелер рөлін арттыру, қазақстандық жанұяларда отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді  сақтау.

Қостанайда үздік әке анықталды

«Өкінішке орай, бала тәрбиесімен көбіне аналар айналысады. Ал, әке тәрбиесін, әкенің орнын ешкім де баса алмасы анық. Отбасындағы әке мен ер азаматтың рөлінің мәнін ұғындыру, әкелердің бала тәрбиесіне деген көзқарасын кеңейту, жанұядағы әке мен баланың арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналған бұл іс-шараның маңызы зор», - дейді «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының басшысы Марионелла Слесарь. 

Іс-шараға қатысуға 18 әке өтінім білдірген. Олар Ұйымдастыру комитетіне балаларының тәрбиесімен айналысып жатқан сәттер, жұбайына деген қарым-қатынасы бейнеленген презентациялық жұмыстарын ұсынған. Әділқазылар алқасы әрбір қатысушының бейнеролигін мұқият қарап, қорытынды шығарды. Үздік деп танылған жеті әке облыстық Достық үйінің тарапынан марапатқа ие болды.

Қостанайда үздік әке анықталды

«Мен үлгілі әке болуға тырысамын. Менің әкем отбасымыздың тірегі, шын мәнінде «Асқар тау» болатын.  Бізге, яғни өз балаларына тәрбие  беруден ешбір аянған жоқ. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйретті, еңбекке баулыды. Мен де өз балаларымның еңбекқор, білімді, отбасының қамқоршысы болғанын  қалаймын», - дейді  «Ең үздік әке» атағына ие болған Марат Ысқақов.

Лисаков қаласынан келген Жаслан Шайхитденов «Үлгілі әке» номинациясына ие болды. Салауатты өмір салтын ұстанатын әке қыздарымен бірге балық аулайды, үнемі серуенге шығып тұрады. 

Қостанайда үздік әке анықталды

Заңгер, қызын спортқа баулып, оған дзюдоның қыр-сырын танытып жүрген Ильдар Мухамедзянов «Жігерлі әке» номинациясына, Ұзынкөл ауданының намысын қорғаған азамат, шекара қорғаушысы Ербол Мамырқанов «Қолы алтын шебер» номинациясын иеленді.

«Күміс көмей әнші» номинациясының иегері Әулиекөл ауданынан келген өнер мектебінің оқытушысы Азамат Сақауов асқан шеберлікпен «Адай» күйін орындап шықса, № 13 жалпы орта білім беру мектебінің ата-аналар  комитетінің мүшесі Александр Петровқа «Қоғам белсендісі» номинациясы табыс етілді.

Қостанайда үздік әке анықталды

Жастарға  үлгі болып жүрген Мырзабай және Шаризат Жаманбалиндер әулеті жиналған қауымға бата беріп, Бейімбет Майлин ауданынан келген дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ренат Каримовке «Өнегелі әке» номинациясы бойынша дипломды табыстады. 

Қостанайда үздік әке анықталды 

Іс-шара барысында «Шабыт» триосы, «ПеснеЛАДия» балалар хоры, Қадыр мен Майра Қаржауовтар, Анель Пимичева әуелете ән салып, тыңдармандардың қошеметіне бөленді,  «Индиго» би  ұжымының арулары нәзік биімен көрермендердің көңілінен шықты.   

Қостанайда үздік әке анықталды

Іс-шара соңында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы фестивальдің барлық қатысушыларына дипломдар, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Бөлісу:

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға