Жаңалықтар

Қостанайдағы өрт: Гуманитарлық көмек қабылдау пункттері жұмысын бастады

Бірінші кезекте қажетті тауарлар, азық-түлік, жылы киім, тазалық құралдары.
Қостанайдағы өрт: Гуманитарлық көмек қабылдау пункттері жұмысын бастады
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 04.09.2022 13:59 1060

Бүгін AMANAT партиясының барлық өңірлік филиалдарында Қостанай облысындағы табиғи өрттен зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек жинау пункттері жұмысқа кірісті, деп хабарлайды El.kz. 

Онда бірінші кезекте қажетті тауарлар, азық-түлік (сақтау мерзімі ұзақ), жылы киім, тазалық құралдары керек.

Қостанайдағы өрт: Гуманитарлық көмек қабылдау пункттері жұмысын бастады

Алматыдан келген ерікті Жандос Тәліповтың айтуынша, мұндай жағдайда шетте қалуға болмайды.

«Зардап шеккендерге жай сөзбен ғана емес, іспен де көмектескім келеді. Мен барша қазақстандықтарды зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырамын, Қостанай-Біз біргеміз!»,- деді ол.

Қостанайдағы өрт: Гуманитарлық көмек қабылдау пункттері жұмысын бастады

Өскемендік еріктілер де дәл осындай уақытта ауызбіршілік көрсету керек екенін айтады. 

«Себебі өзгенің басына түскен қиындыққа бейжай қарап, қол қусырып отыруға болмайды. Біз зардап шеккендерге мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге оралуға жағдай жасап, көмектесуіміз керек», – деді өскемендік ерікті Марлен Әбубәкір.

Қостанайдағы өрт: Гуманитарлық көмек қабылдау пункттері жұмысын бастады

Айта кетейік, қазірдің өзінде қазақстандықтар жолдаған алғашқы көмек жиын пункттеріне келіп түсуде.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға