Қостанайдағы өрт: «Қазақстан халқына» қоры зардап шеккендердің үй жабдығын әпереді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
17.09.2022 05:36
1194
Қостанай облысының өрттен зардап шеккен тұрғындарына бюджет есебінен салынған үйлер "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қаражаты бойынша жабдықталады. Бұл туралы бүгін аталған қордың Басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz.
Болат Жәмішев зардап шеккен адамдардың барлық мүлкі өртеніп кеткенін еске салды.
"Біз әкіммен сөйлесіп, өзара келістік, біз шұғыл көмек жағдайында, яғни қазіргі кезде бұл іске араласпаймыз. Біз үйлер салынып біткен соң, жиһаз, тоңазытқыштар және т.б. мәселе туындаған кезде көмекке келеміз. Бұл үйлерді жабдықтау бойынша адамдарға көмектесеміз", - деді "Қазақстан халқына" Қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев.
Оның айтуынша, осылай өзектірек болады.
"Үйлер бюджет есебінен салынады. Зардап шеккендердің барлық мүлкі өртенді, сондықтан оны өтеуге дайынбыз. Оны мақсатты ақша есебінен де жабамыз", - деді Болат Жәмішев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Демалыс күндері Шығыс Қазақстанда қар жаууы мүмкін
Келесі жаңалық
Астанада жыл басынан бері 400-ден астам қоқыс орны жойылды