Қостанайдағы орман өртінен бір адам қаза тапты
04.09.2022 11:02
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бүгін брифинг барысында Аманқарағайда тұрғын үйлерге тараған орман өрті салдарынан бір адам қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz.
Министрдің айтуынша, марқұмды эвакуациялау кезінде учаскелік инспектор хабардар еткен. Бірақ ол бас тартқан. Соған қарамастан адам өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізілетін болады7«Төтенше жағдайдың салдарын жоюға тартылған жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволардың дер кезінде қабылдаған шараларының нәтижесінде кеше қауіп төнген елді мекендерден 1800-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сағат 00:00-дегі жағдай бойынша зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Бүгін таңертең Аманқарағай ауылында үйіндіні тазарту кезінде 1936 жылы туған мүгедек адамның қайтыс болғаны анықталды», - деді Төтенше жағдайлар министрі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

