Жаңалықтар

Қостанайда шешен-ингуш мәдениетінің күні аталып өтті

Қостанайда шешен-ингуш мәдениетінің күні аталып өтті
29.07.2019 09:56 3285

Қостанай облыстық Достық үйінде вайнахтардың қазақ жеріне күштеп қоныс  аударылуының 75 жылдығына және шешен халқының танымал бишісі Махмуд Эсамбаевтың 95-жылдығына орай шешен-ингуш мәдениетінің күні аталып өтті.

 Қостанайда шешен-ингуш мәдениетінің күні аталып өтті

Мереке аясында шешен-ингуш халқының болмысынан хабар беретін көрме ұйымдастырылды, іс-шара қатысушыларына «чепалгаш» күлшесі ұсынылды. «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Таус Хайдукаеваның айтуынша, бұл ұлттық тағам дастарқанның берекесі болып табылады.

Қостанайда шешен-ингуш мәдениетінің күні аталып өтті

«Күлшелердің тәтті де жұп-жұмсақ болып шығуының себебі, олар ірімшік қосылған қамырдан иленеді, майға қуырылғаннан соң қайнаған суға малынады. Біз мұндай күлшелерді жиі әзірлейміз. Чепалгаш күлшелері қазақ халқының бауырсақтары сынды дәстүрлі тағам», – дейді Таус Султановна.

Қонақтардың кейбіреулері Тау қызы таратып жатқан дәмі тіл үйірер күлшелерден дәм татып жатқанда екіншілері шешен-ингуш халқының ұлттық аспаптары мен тұрмыстық заттары қойылған көрмені тамашалады.

Қостанайда шешен-ингуш мәдениетінің күні аталып өтті

Этномәдени бірлестіктің төрағасы Эльбрус Тимаев вайнахтардың арулармен танысып, тіл табысу сырын ашып берді. Олар бұлақ басында танысады екен.

Қостанайда шешен-ингуш мәдениетінің күні аталып өтті

«Дөңгелек құмыра ұстаған қыз тұрмыс құрған, ал сопақ құмырамен су таситын қыздың басы бос болып есептеледі, бұл кавказ халқының ерекшелігі», - дейді бірлестік төрағасы.

Қостанайда шешен-ингуш мәдениетінің күні аталып өтті

Концертті тамашалауға жүзден астам көрермен жиналды. Биыл өзінің 80 жылдығын атап өткен Қостанай облысының атақты өнер қайраткері Владимир Рыдченко алғашқы қатардан орын алды. Ол бұл мерекенің басты қонағы, себебі ол 1983 жылы ең танымал бишілердің бірі, КСРО-ның халық әртісі Махмуд Эсамбаевтың облысқа гастрольдік сапармен келуіне себепкер болған.

Қостанайда шешен-ингуш мәдениетінің күні аталып өтті

Іс-шара барысында вайнах халқының тарихындағы қайғылы сәттер де еске алынды. Биыл шешен-ингуш халқының қазақ даласына еріксіз қоныс аударғанына 75 жыл.

«Қонақжай қазақ еліне қоныс аударғанымыз – біз үшін бақыт. Бүгінгі мерекенің лезгинкадан басталғаны көңіл қуантады, себебі бұл биді қазақтар да, орыстар да бірдей билейді. Өзара түсіністік пен сыйластықты сақтау үшін біз өз тарихымызды ұмытпауымыз керек. Біз Тәуелсіз жолымызды сала бастағанда көптеген азаматтар елден кетті, ал бүгінде олар қайтып оралып, өз кәсібін құрып жатыр, себебі елімізде бейбітшілік пен келісім орнаған», - дейді Эльбрус Тимаев.

Қостанайда шешен-ингуш мәдениетінің күні аталып өтті

Көрермендер әртістермен бірге әсерлі ән шырқап, мың бұрала жалынды би биледі. Концерттен кейін этномәдени бірлестік өкілдері жастары мерекені дәстүрлі ловзармен жалғастырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға