Жаңалықтар

Қостанайда медиаторлар этностық ортадағы шиеленісті шешу амалдарын үйретті

Қостанайда медиаторлар этностық ортадағы шиеленісті шешу амалдарын үйретті
03.04.2019 12:49 2069

Қостанайда Достық Үйінде көп этностық ортада соттан тыс шиеленісті шешу дағдыларын оқыту бойынша кәсіби емес медиаторларға арналған семинар өтті.  

Арнайы шақырылған Батыс Қазақстан облысы Медиаторлар одағының төрайымы Алуа Рақышева мен Қостанай облысының Медиаторлар қауымдастығы президенті Сергей Богатыревтің қатысуымен өткен бұл семинарға  облыстың медиация орталықтарының 30-ға жуық өкілдері мен заң факультеттерінің студенттері қатысты.

Сергей Богатырев, Қостанай облысы Медиаторлар қауымдастығының президенті:

«Қазақстан халқы ассамблеясының мәдениетаралық және этносаралық медиацияны дамытуды қолға алғаны белгілі. Бүгінде бұған көп көңіл бөлінуде және осы семинар мұның дәлелі. Өкінішке орай, кәсіби емес медиаторлардың тізілімін атқарушы органдар жүргізеді. Егер кәсіби медиаторлар тізілімі туралы ақпаратты алу мүмкін болса, ал кәсіби емес медиаторлардың тізілімі қолжетімсіз. Оларды еш жерде жарияламайды. Дегенмен кейбір өңірлерде бұл тізілім қолжетімді. Мысалы, Лисаков қаласы мен Денисов ауданында. Қазір осы мәселені шешу үшін біз өңірлерге шығып, әр ауданның елді мекендеріне кіріп, медиация туралы кеңінен айтып, қоғамдық кеңесте осы лауазымға лайықты деп танылған адамдарды оқытып жүрміз.

Алуа Рақышева, Батыс- Қазақстан облысы Медиаторлар одағының төрайымы:   

«Қазақстан халқы ассамблеясы және оның барлық өңірлік құрылымдары «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Бірлік сәйкестігі» тарауын іске асыру барысында этномедиацияға басты назар аударады. Аталмыш семинар этношиеленістердің басты себептері мен олардың шығу көздерін ашып берді. Егер сот – пікірталасқа көп нүкте, ал қарым-қатынасқа нүкте қойса, медиация пікірталасқа соңғы нүкте, ал қарым-қатынасқа көп нүкте қояды деген тұжырымға келуіміз керек. Біз қоғамдық медиаторларды осындай шиеленіспен жұмыс жасауға және психолог болуға үйреттік деп сенеміз, себебі, ұлтаралық қарым-қатынас – өте сезімтал сала болып саналады.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға