Жаңалықтар

Қостанайда медиасауаттылықты арттыру мен ақпараттың рас-өтірігін ажыратуға арналған оқыту семинары өтті

Қостанайда медиасауаттылықты арттыру мен ақпараттың рас-өтірігін ажыратуға арналған оқыту семинары өтті
18.07.2019 12:17 5269

Қостанай облыстық Достық Үйінде консультативтік-кеңестік органдарының медиасауаттылығын  арттыруға бағытталған оқыту семинары ұйымдастырылды. 

Қостанайда медиасауаттылықты арттыру мен ақпараттың рас-өтірігін ажыратуға арналған оқыту семинары өтті

«ТобылИнфо» ақпараттық агенттігінің редакторы, «Қостанай Медиа» директорлар кеңесінің мүшесі Александра Сергазинова мен «Қостанай» телеарнасының редакторы Айнұр Байғожина аудандық консультативтік-кеңестік органдарының өкілдерін  ақпаратты анық тұтыну, іздеу жүйелерін дұрыс пайдалану, әлеуметтік желілердегі шынайы ақпаратты басқаларынан ажырату жолдарымен таныстырды.

Қостанайда медиасауаттылықты арттыру мен ақпараттың рас-өтірігін ажыратуға арналған оқыту семинары өтті

«Ақпараттық Қазақстан–2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ақпараттық қоғамға өту, желілілік коммуникациялардың кең таралуы жағдайында қазақстандықтардың медиасауаттылығын арттыру өте маңызды. «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» бағдарламасында бес институционалдық реформаны, сондай-ақ, БАҚ-тағы, ғаламтордағы, бұқаралық ақпараттың жаңа буындарындағы, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды ақпараттық қамту және ілгерілету стратегиясы анықталған, біздің мақсатымыз – назарымызға ұсынылған ақпаратты талдап, жалған нәрселерді ажырата білу, өскелең ұрпаққа медиабілім беру» - дейді іс-шара модераторы Әлібек Табұлденов. 

Қостанайда медиасауаттылықты арттыру мен ақпараттың рас-өтірігін ажыратуға арналған оқыту семинары өтті

«Медиасауаттылықты арттыруға бағытталған оқыту курстары алғаш рет Америкада, кейін Еуропа елдерінде өткізілген. Ақпарат айдынындағы мәліметтердің рас-өтірігін анықтау қиын болғандықтан мұндай оқыту семинарлары біздің елімізде де ұйымдастырылуда. Сан түрлі ақпарат көзіне айналған ғаламтор халық тарапынан зор сұранысқа ие. Ал интеллигентті, білімпаз оқырман қажетті ақпаратқа қол жеткізу үшін кәсіби БАҚ өкіліне жүгінеді. Себебі, кәсіби БАҚ өкілдері – жалған ақпарат таратушылар мен сарапшылардың арасындағы алтын көпір.

Қостанайда медиасауаттылықты арттыру мен ақпараттың рас-өтірігін ажыратуға арналған оқыту семинары өтті

Мысалы, жақында жанармай құю бекеті өртке оранған болатын. Санаулы минуттардың ішінде әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген фотосуреттер, бейнематериалдар, пікірлер қаптап кетті. Алайда кәсіби БАҚ өкілдері ғана өрттің шығу себебін түсіндіріп, зардап шеккен азаматтар туралы ақпаратты жеткізіп, тілсіз жауды құрықтауға бағытталған шаралар туралы баяндап берді. Қызметкерлерді өрттен құтқарып қалған адамды тауып, алғысын білдірді. Медиасауатты болу үшін ақпаратты нақты дереккөздерден немесе білікті мамандардан алу қажет», - дейді іс-шара спикері Александра Сергазинова.

Қостанайда медиасауаттылықты арттыру мен ақпараттың рас-өтірігін ажыратуға арналған оқыту семинары өтті

«Әлеуметтік желілер арқылы бұрыс немесе толыққанды жеткізілмеген жаңалықтар халық арасында түсінбестік тудырады. Мәселен, жақында бір медиаресурс Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін бірден-бір мектеп жабылады деген ақпарат таратқан. Бұл жайтқа халық наразылық танытты. Алайда, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Аймағымызда алты қазақ тілді мектеп бар және мектепті жабу туралы сөз қозғалған емес, тек басқа ғимаратқа көшіру  жөнінде ұсыныс жасалған болатын. Оқушылардың ата-аналары қарсы болғандықтан, мектеп орнында қалатын болды. Қоғам арасында дау туғызған жалған ақпарат медиаресурстан өшірілді. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін ғаламтордағы ақпараттың шынайылығына көз жеткізу қажет», - дейді спикер.

Қостанайда медиасауаттылықты арттыру мен ақпараттың рас-өтірігін ажыратуға арналған оқыту семинары өтті

«Қостанай» телеарнасының редакторы, жаңалықтар қызметінің тілшісі Айнұр Байғожина іс-шара қатысушыларын ақпараттың  рас-өтірігін ажырату және өңдеу жолдарымен таныстырды.   

Тренингтің екінші бөлімінде Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Наталья Козлова мен Меңдіқара аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Алтыншаш Есетова өз тәжірибелерімен бөлісті.

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға