Жаңалықтар

Қостанайда этносаралық қарым-қатынас дағдысына үйретуге арналған семинар-тренинг өтті

Қостанайда этносаралық қарым-қатынас дағдысына үйретуге арналған семинар-тренинг өтті
02.04.2019 04:15 2834

Қостанайда Достық үйінде этносаралық дұрыс қарым-қатынас дағдысына үйретуге бағытталған семинар-тренинг өтті.

Бұл шараға облыс аудандарындағы Қазақстан халқы ассамблеясының консультативтік-кеңестік органдарының өкілдері қатысты.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, бұл тренинг аудандағы мамандарға Қазақстан халқы ассамблеясының желісі бойынша тұрғындармен жұмыс істеуде озық технологиялар және тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасайды. Ал, тренинг қатысушылары өз кезектерінде аудан тұрғындарымен жұмыс жасау үшін жаңа ақпарат алу маңыздылығын айтып, бұл шарадан алған тәжірибелерімен бөлісті.

Галина Моргуль, Денисов ауданы Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы:

«Бұл тренинг биз үшін әдістемелік құрал болды. Тұрғындармен жұмыс жасау бойынша негізгі бағыттар жөнінде білім алдық, сол үшін дәрісшілерге алғыс білдіреміз».

Наталья Козлова, Мендіқара ауданы Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы:

«Бұл – заманауи, әлеуметтік-маңызды, өзекті семинар, әрі қоғамда болып жатқан түрлендірулерді ескерсек, аталмыш семинар қазіргі таңда өте қажетті. Мұнда бізге тәжірибемен алмасуға тиімді мүмкіндік берген материалдарды беру әдісі мен диалог жасау алаңының нысаны ұнады». 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға