Қостанайда қарулы ресейліктер баланың ұялы телефонын тартып алған – Фейк
28.09.2022 14:51
Фото:
totyrar.kz
«Қостанайда Ресейден келген төрт қарулы адам баланың ұялы телефонын тартып алған». WhatsApp мессенджерінде осындай ақпарат тарады. Бұл – жалған, деп хабарлайды El.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Қостанай облысының полиция департаменті жоққа шығарды.
«Бұл ақпарат – фейк. Облыста жедел және көші-қон жағдайы тұрақты. Аталған «факті» бойынша полицияға арыз-шағым түскен жоқ. Сонымен қатар, соңғы күндері көші-қон ағымының артуы аймақтағы криминогендік жағдайға әсер еткен жоқ. Облыстық полиция штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ақпараттың анық-қанығын тексерушілер әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі арандатушылыққа бой алдырмауға және тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

