Жаңалықтар

Қостанай облысында өртенген үйден төрт адамның мәйіті табылды

Қостанай облысында өртенген үйден төрт адамның мәйіті табылды
22.06.2022 05:44 1434

Қостанай облысының Жітіқара қаласында өрттен әйел екі ересек баласы және немересімен мерт болды, деп хабарлайды El.kz сайты облыстық Төтенше жағдайлар депортаментіне сілтеме жасап.

20 маусымда сағат 01:54-те Жітіқарадағы №12 өрт сөндіру бөліміне Комсомольская көшесінің бойында тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен. Куәгерлер 102 қызметіне қоңырау шалып, тұрғын үйдің өртеніп жатқанын хабарлаған.

– 50 шаршы метр аумақта ағаш дәліз, кіреберіс пен үй төбесінің жабындысы толықтай жанған. Өрт 02:26-да ауыздықталып, 02:54-те сөндірілді. Өрт сөндіру кезінде оқиға орнынан 63 жастағы үй иесі әйелдің 39 және 36 жастағы ұлы мен қызының және 2 жасар немересінің мәйіті табылды. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр, - деді ТЖД.

Оқиға орнында тергеушілер мен облыстық ТЖД мамандары жұмыс істеп жатыр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға