Жаңалықтар

Қостанай облысында үздік отбасылар анықталды

Қостанай облысында үздік отбасылар анықталды
03.10.2019 18:34 2592

Қостанайда өткен «Отан отбасынан басталады» облыстық фестивалінде аймақтың үздік отбасылары анықталды.

Қостанай облысында үздік отбасылар анықталды

Аналар кеңесінің бастауымен былтыр Алтынсарин ауданында өткізілген жас отбасылар фестивалі биыл Лисаков қаласында өтті. Фестивальге қатысуға бес отбасы өтініш білдірді. Денисов, Қамысты аудандарының, Рудный, Жітіқара, Лисаков қалаларының жас отбасылары берекелі жанұяның үлгісін көрсетті.

Қостанай облысында үздік отбасылар анықталды

Лисаков қалалық Мәдениет үйіндегі іс-шара аясында көрме ұйымдастырылды. Оған фестиваль қатысушыларының фотосуреттері, өз қолымен жасаған өнер бұйымдары, ұлттық тағамдар ұсынылды.  

Қостанай облысында үздік отбасылар анықталды

Рудный қаласының намысын қорғаған Жұмабек әулетінің қолынан шыққан бұйымдар жиналған қауымның қызығушылығын тудырды.

Қостанай облысында үздік отбасылар анықталды

«Бос уақытымда сүйектен бұйымдар жасаймын. Жұбайым әрдайым қолдау танытады, достарым көмектеседі. Кейбір бұйымдар кәдесыйға жараса, тұмар сынды дүниелер зиянды тылсым күштерден, тіл-көзден сақтайды», - дейді отағасы.

Қостанай облысында үздік отбасылар анықталды

Қара шаңырақтың ұйтқысы болып отырған Гүлмира ханым кілем тоқумен айналысады. Көрмеге қойылған кілемі көздің жауын алады. Олардың үш жасар қызы, кішкентай ханшайым қолына микрофон алып, ән шырқады.

Қостанай облысында үздік отбасылар анықталды

Жітіқара қаласынан келген Сағындық және Әйгерім Әлімбековтар бар өнерлерін ортаға салды. Шымкент қаласының тумалары Алматы қалалық медициналық институтта танысып, отау құрыпты. Қостанай облысына жұмыс бабымен келген ерлі-зайыпты қазірде екі бүлдіршіннің ата-анасы.

Қостанай облысында үздік отбасылар анықталды

«Біз аудандық емханада жұмыс жасаймыз, өзімізге ұнайды, себебі, адамның жанына араша түсеміз. Қоғамдық іс-шараларға қатысуға тырысамыз. Былтыр аудандық байқауға қатыстық, биыл облыстық жас отбасылар фестиваліне қатысуды ұйғардық. Қазақ халқының ұлттық тағамы - жент дайындап, көрмеге ұсындым. Отбасымызбен ән салуды ұнатамыз, жиналған қауымның көңілінен шығады деген үміттеміз», - дейді абзал ана.

Қостанай облысында үздік отбасылар анықталды

Әділқазылар алқасы көрмені тамашалап болғаннан кейін фестивальдің негізгі кезеңі басталды. Алғашқы таныстырылым кезеңінде отбасы мүшелері өздерін таныстырып, кейбіреулері слайдшоу дайындаса, кейбіреулері ән айтып, күй шертті.

Іс-шараның келесі кезеңінде қатысушыларға қызықты сұрақтар қойылды. Байқаудың соңғы кезеңінде әрбір отбасы қазақ халқының құдалық, бесік той, беташар сынды дәстүрлерін көрсетіп, бата берді.

«Вдохновение» би ұжымының, «Нұр-Әуен» студиясының әртістері, «Подснежники» балалар хореографиялық ансамблі және Қостанайлық Анель Пимичева өнерлерін паш етіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Фестиваль қорытындысы бойынша Рудный қаласының намысын қорғаған Жұмабек әулеті «Он саусағынан өнер тамған отбасы» номинациясына ие болды, Жітіқара қаласынан келген Әлімбековтар отбасына «Ең көңілді отбасы» номинациясы, Денисов ауданының атын шығарған Қошановтар жанұясына «Ең өнерлі отбасы» номинациясы бұйырса, Қамысты ауданынан келген Жаңаберген әулеті «Дәстүрлерді дәріптейтін және сақтайтын отбасы» номинациясының жеңімпазы атанды.

Фестиваль соңына қарай барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен гүлшоқтары ұсынылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға