Жаңалықтар

Қостанай облыстық сот алқасының төрағасы ұсталды

Судьяның ұсталғанын "Пара алу" (366-бап, 3-бөлік) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқан ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Қостанай облыстық сот алқасының төрағасы ұсталды
Фото: ашық дереккөзден 11.09.2022 02:38 1101

Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты жемқорлық күдігіне ілінген қостанайлық судьяға бұлтартпас шарасын қолдану туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды EL.KZ. 

Қостанай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы Асқар Дарбаев екі айға қамалды. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

41 жастағы Дарбаев 17 тамызда ұсталған. Судьяның ұсталғанын "Пара алу" (366-бап, 3-бөлік) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқан ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. ҰҚК хабарламасында күдіктінің аты-жөні аталмайды, бірақ оның Қостанай облыстық сотында жұмыс істейтіні айтылған.

Қазақстанның сот жүйесі атқару билігіне тәуелді деп айтылады. Судьяларды президент тағайындайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға