Қосшы қаласында жоғалған адамдар туралы ақпарат instagram әлеуметтік желісіндегі qosshym_jomart парақшасында жарияланды, деп хабарлайды EL.KZ.
1990 жылдың 25 наурызда дүниеге келген Эльфия Фаткулинаның психикалық дамуы тежелген. Ол бүгін сағат 16:45 шамасында Қосшы қаласы, Шырақ көшесі, 11-үй мекенжайы бойынша үйінен шығып кеткен, – деп жазылған.
Сондай-ақ аталған қаладан 2016 жылы дүниеге келген Бекболат Әбунасыр Елубайұлы жоғалды. Ата-анасы жұмыстан келген кезде ұлы үйде болмай шыққан. Еріктілер Эльфия Фаткулина мен Бекболат Әбунасырды іздеу үшін "Аружан Плаза" мейрамханасының жанына жиналып, іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада автобус жолағымен жүруге рұқсат берілуі мүмкін