Жаңалықтар

Өскеменнен Ресей қалаларына әуе рейстері тоқтатылады

Өскеменнен Ресей қалаларына әуе рейстері тоқтатылады
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 30.09.2024 14:04 73

Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев Өскемен тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шенеуніктің сөзінше, ұшақтар жетіспеушілігі салдарынан әуе компаниялар Өскемен мен Новосібір және Өскемен мен Мәскеу арасындағы әуе бағытын тоқтатпақ.

Қазір Өскемен – Мәскеу және Өскемен – Новосібір рейстері орындалып жатыр. Алайда әріптестеріміз, яғни «Сибирь» (S7 Airlines) компаниясы әуе кемелерінің жетіспеушілігіне байланысты алдағы уақытта ұшуды уақытша тоқтатуға мәжбүр, - деді Қарабаев.

Дәл осындай жағдайды отандық Qazaq Air компаниясы да бастан кешіріп жатқан тәрізді. Министрдің айтуынша, рейстер қазан айында тоқтатылуы мүмкін.

Біз әуе бағытын сақтап қалу үшін бар күшімізді салаыз. Мүмкін басқа компанияларды тартатын шығармыз, - деп қосты ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға