ҚР ТЖМ

Өскемендегі сауда үйінде өрт болды

20.04.2024 00:07

Өскемендегі Абай даңғылында сауда үйінің шатыры жанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндіру бөлімдері күштер мен құралдарды жұмылдыруда.

Өрт сағат 22:43-те жойылды.

Қызыл жалын шарпыған аумақ 290 шаршы метрді құрады. Өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы, - делінген мәліметте.