Өскемендегі өрт сөндірушілер мейрамханада шыққан өртті сөндірді
11.02.2024 22:13
Фото:
Видеодан кадр
Өртті сөндіруге жеке құрамның 32 адамы және 8 техникасы тартылды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Шатырдың құрылымы ағаштан жасалғандықтан өртті сөндіру қиынға соқты, осыған байланысты өрт тез тарады.
150 шаршы метр аумақты алған өрт сөндірілді.
Алдын-ала болжам бойынша өрттің себебі - сору конструкциясын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
Кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз:
бұзушылықтарды уақтылы жою;
объектіде жарамды өрт дабылы болуы керек;
өрт сөндіру құралдарының қажетті саны болуы керек;
эвакуацияның жолдарын бос ұстау;
электр желісін шамадан тыс жүктемеу.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

