Өскеменде жүз күнде 100 мың шұңқыр жөнделеді
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар келесі жылға арналған жолдарды жөндеу туралы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz Altaynews-ке сілтеме жасап.
Сонымен қатар қала басшысы «100 күнде 10 мың шұңқыр» атты челлендж басталатынын айтып, тұрғындардан белсенділік танытуды сұрады.
Көктем келіп, қар ери бастаған уақытта облыс орталығы тұрғындары қала жолдарында пайда болған шұңқырларға шағымдана бастайды.
Шұңқырлар қаламыздың қатаң да, құбылмалы климаты әсерінен пайда болады. Жылдағы қолайсыз жағдайға арнап 2023 жылдың көктемінде «100 күнде 10 мың шұңқыр» атты челлендж бастаймыз. Қала тұрғындарынан жолдардың сапасына назар аударып, челленджге белсенді қатысуларын сұраймыз. Қатысу үшін, өз көшеңіздегі немесе кездейсоқ көрген шұңқырларды суретке түсіріп, нақты мекенжайымен телеграм-арнасына жіберсеңіз болғаны, - дейді қала басшысы.
Барлық жіберілген өтінімдер пысықталып, кезектілік тәртібімен жүзеге асады. Өтінімдер толқтай жиналғаннан кейін коммуналдық қызметтер барлық белгіленген учаскелерде шұңқырларға жөндеу жүргізе бастайды.