instagram.com/akyshovalmat

Өскеменде үлкен көпірдің бір бөлігі құлады

Өскемен қаласында Шнайдар көпірінің жартысы құлап қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Бұл туралы қала әкімі Алматы Ақышев желіде жазба жариялады. Оның сөзінше, оқиға орнына барлық қажетті қызметтер мен арнайы топтар жіберіліп, олардың жұмысы тұрақты бақылауға алынған.

Қазіргі уақытта апаттың салдарын жою бойынша жедел шаралар қабылдануда. Барлық күштер мен ресурстар көпірді қалпына келтіру мен жағдайды тұрақтандыруға жұмылдырылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті деңгейде төтенше жағдай режимі жарияланды, - деді қала әкімі. 

Қала басшысы барлық тұрғындарды сабыр сақтауға және апат болған аймақтан аулақ болуға шақырды.

Бұл жағдай біздің назарымызда, және барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр, - деді ол.