Жаңалықтар

Өскеменде тыйым салынған діни әдебиеттерді тасымалдаған ер адам жауапқа тартылды

Өскеменде тыйым салынған діни әдебиеттерді тасымалдаған ер адам жауапқа тартылды
Фото: © Freepik.com 28.05.2024 14:23 563

Полицейлер Өскемен қаласының тұрғынын тексеру барысында Қазақстанда тыйым салынған діни әдебиеттерді тасымалдау фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам аталған бұзушылық үшін жауапқа тартылған. Өскемен қаласының мамандандырылған сотының шешімімен ол 100 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалады.

ШҚО ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға тек ғибадат үйлерінде, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы айқындаған стационарлық үй-жайларда ғана жол берілетінін еске салады.

Экстремистік деп танылған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдардың тізімімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің сайтында танысуға болатынын еске саламыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға