Жаңалықтар

Өскеменде спиртті заңсыз жеткізумен айналысқан адамдар тобы құрықталды

Өскеменде спиртті заңсыз жеткізумен айналысқан адамдар тобы құрықталды
Фото: © Polisia.kz 18.08.2023 17:36 943

Өскеменде спиртті заңсыз жеткізумен айналысқан адамдар тобы құрықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, 11 тамыз күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері  ШҚО аумағында және одан тыс жерлерде спиртті аса ірі мөлшерде заңсыз жеткізумен және оны сатумен айналысатын адамдар тобына қатысты жедел ақпарат алған.

Ақпарат тексеру барысында расталған. Қала көшелерінің біріндегі өндірістік үй-жайда ШҚО ПД ҰҚҚКБ жедел уәкілдері ШҚО ПД ОЖВ арнайы бөлімшесімен бірлесіп 24 және 29 жастағы төрт ер адамды ұстаған.

Қоймаларда көлемі 1000 литр болатын 10 пластик ыдыс, ерекше иісі бар мөлдір түсті зат құйылған көлемі 30 литр болатын үш пластик канистр және көлемі 20 литр ұқсас зат құйылған екі  пластик канистр, сондай-ақ спирт өндіруге арналған екі электр насос табылып, тәркіленді. Өндіріс бөлмесінде алынған спирттің жалпы көлемі шамамен 4 мың литрді құраған, - делінген хабарламада.

Әрі қарай жедел іс-шараларды өткізу барысында қаладағы ЖҚС-ның бірінің тұрағында Volvo жүк машинасы табылды. Аталған көлікпен көрсетілген өндірістік базаның аумағына спиртті тасымалдап отырған.  Автокөлікті тексеру кезінде көлемі 1000 литр болатын тағы 11 пластик ыдыс табылып, тәркіленді, оның жетеуінде ерекше иісі бар мөлдір түсті зат болған және төртеуі бос болған. Алынған спирттің жалпы көлемі – 11 мың литр.

Аталған факті бойынша тиісті сараптама тағайындалып, ҚР ҚК-нің 214-бабы 1-бөлігі (Заңсыз кәсіпкерлік) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға