Өскеменде шаурма сататын дүңгіршек өртенді
03.09.2023 21:10
Фото:
©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өскемен қаласында құтқарушылар өртенген шаурма сататын дүңгіршектен 2 газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі М. Горький көшесінің бойында орналасқан шаурма сататын дүңгіршекте өрт шыққан.
Күнбағыс майы жанып, от жеке заттарға, тұрмыстық техникаға және дүңгіршектің ішкі қаптамасына тарады.
Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Олар дүңгіршек ішінен 27 литрлік 2 газ баллонын сыртқа алып шықты. Көп ұзамай тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Зардап шеккен ешкім жоқ, - делінген ақпаратта.
Өрттің тұтануына тағам дайындау ережелерін сақтамау себеп болғаны анықталды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

