Өскеменде шағын автобустан заңсыз тасымалданған 3,5 тонна спирт тәркіленді
27.06.2023 16:55
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Өскемен қаласында шағын автобустан заңсыз тасымалданған 3,5 тонна спирт тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары құрамында спирті бар ерітінді партиясын заңсыз тасымалдау фактісін анықтады.
Өскеменде полиция қызметкерлері 41 жастағы ер адам тізгіндеген «Hyundai» маркалы шағын автобусты тоқтатқан. Тексеру кезінде спирт құйылған 739 пластикалық бөтелкені тапқан. Тәркіленген заттар ары қарай тексеру үшін сараптамаға жолданды, - делінген ақпаратта.
Департамент қызметкерлері тұрғындарға құрамында сапасына ешкім кепілдік бермейтін спирті бар өнімдерді тұтыну денсаулыққа үлкен қауіп төндіруі мүмкін екендігін еске салады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

