Өскеменде құтқарушылар суға батып бара жатқан әйелді аман алып қалды
28.06.2025 19:50
Фото:
El.kz
Өскеменде Ертіс өзенінің "Понтон көпірі" маңында ТЖМ қызметкерлері кезекті іздестіру жұмыстарынан қайтып келе жатып, суға батып бара жатқан әйелді байқап, дереу құтқару операциясын жүргізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Құтқарушылар әйелді қайықпен жағаға шығарып, жедел түрде медицина қызметкерлеріне тапсырды. Оқиға салдарынан әйелдің өмірі аман қалды.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды судағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Мамандар рұқсат етілмеген орындарда шомылмауды, қалқымалы шекаралардан аспауды және қауіпсіз жағажайларды таңдауды ескертеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

