Жаңалықтар

Өскеменде қатарласын ұрып-соққан қыздың кім екені белгілі болды

Өскеменде қатарласын ұрып-соққан қыздың кім екені белгілі болды
Фото: pexels.com 07.04.2023 20:46 3516

Қаладағы сауда орталықтарының бірінде екі-үш қыздың қатарласына әлімжеттік жасап жатқаны көрінетін бейнежазба тарады. Бұған қатысты тәртіп сақшылары ресми жауап берді. Сондай-ақ ұрған қыздың лауазымды қызметте екені белгілі болды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі. 

Бейресми мәліметтер бойынша, оқиға "ADK" сауда орталығының әжетханасында болған. Былапыт сөздері бар бейнежазбаға зер салсақ, бір қыздың екіншісін аямай ұрып, жұдырықты кеудесі мен бетіне сілтеп жатқанын көруге болады. Ол аздай сырт киімін деп шешіп тастайды. Тағы бір бейнежазбада беті ісіп кеткенін көріп, "Бұрын түрің онша емес еді, қазір әдемі болып қалдың" деп кекете сөйлейтіндері бар. ШҚО Полиция департаменті өкілдерінің ұсынған мәліметіне сәйкес, аталған жағдай наурыз айының 1-2 аралығында болған.

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 2-бөлігіне сәйкес Өскемен қалалық полиция басқармасының Ертіс полиция бөлімшесінде тіркелген. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесінде ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпай, – делінген мәліметте.

Яғни бұл 5000 АЕК көлемінде айыппұл төлеуді қарастырады. Одан бөлек, 1200 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту, бес жыл бостандығын шектеу немесе үш жыл бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Қалалық білім бөліміндегілер оқиғаны растады. Олар ұсынған ақпаратқа сүйенсек, әжетханада ұрып-соғуды ұйымдастырғандардың кім екендіктері анықталды.

Ал журналист Ирина Советжанқызы Инстаграм парақшасында ұрған қыздың ата-анасы кім екенін жазды.

ШҚО полиция департаменті, кімнің баласы болса да, ертең мүләйімсіп, кешірім сұратып, қоя беретін әдетті қайталамаңыздар! Бізге жеткен ақпарат бойынша, ұрған қыздың анасы - қалалық білім басқармасында кадрлар бөлімінің басшысы, - деп жазды журналист.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ирина Советжанқызы (@irina_31tv)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға