Полиция қызметкері есінен танып қалған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кешкі уақытта Өскемен қаласының полициясына өтініш келіп түскен. ҚР ІІМ мәліметінше, учаскелік инспектор Данияр Байжумин дереу оқиға орнына жеткен. Әйел адам әңгімелесу барысында есінен танып, эпилепсия ұстамасы басталған. Полицей әйелге дереу дәрігерге дейінгі көмек көрсету шараларын қабылдаған.
Ол ес-түссіз жатқан әйелді бүйірімен жатқызып, қолда бар құралдармен иегін ашып, тыныс алу жолдарын босатқан. Біраз уақыттан кейін әйел адам есін жиып, құрысулар тоқтап, тыныс алуы қалпына келген. Осы кезде жедел медициналық жәрдем қызметкерлері де келіп жеткен, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

