Өскеменде көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға Ә.Қашаубаев көшесінің бойында болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Куәгерлер үшінші қабаттағы пәтерден түтінді байқап, дереу құтқарушыларды шақырған. Төтеншеліктер қауіпсіздік мақсатында баспалдақ маршымен түтін басқан кіреберістен 9 тұрғынды эвакуациялады.
Өрт шыққан пәтерден құтқарушылар 1990 жылы туған ер адамды көтеріп алып шығып, оны Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне табыстады. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккен азамат медициналық мекемеге жатқызылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

