Өскеменде өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден әйел мен баласын құтқарды
10.05.2023 07:27
Фото:
ҚР ТЖМ
Өскемендегі Металлургтер көшесінде көппәтерлі 2 қабатты үйдің екінші қабатындағы 3 бөлмелі пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР ТЖМ мәліметінше, 15 тұрғын пәтерлерінен өз бетінше шыққан.
Өрт сөндірушілер ауданы 5 шаршы метр өртті сөндірді. Жиһаз және жеке заттар жанған. Өрт сөндірушілер газ баллонын шығарып үлгерді. №7 өрт сөндіру бөлімінің жігіттері түтін мен жану өнімдері бөлетін улы заттан қорғайтын капюшон көмегімен көрші пәтерден әйел мен баласын құтқарды, - делінген мәліметте.
Өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, электр жабдықтарының авариялық режимі.
Жалпы өртті сөндіруге жеке құрамнан 15 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

