ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Өскеменде Өнер музейінің жөндеу жұмыстары тексерілді

ШҚО әкімі Өнер музейінде жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов жергілікті маңызы бар мәдениет пен тарих ескерткіші болып табылатын «Шығыс Қазақстан облыстық өнер музейі» КМҚК ғимаратында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан. 

Жөндеу жұмыстарын «КОНТИНЕНТ PLAST»  ЖШС жүргізуде. Жөндеу жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарланған.

Аталған нысан қазіргі уақытта аймақ басшылығы тарапынан ерекше бақылауға алынып отыр.