Өскеменде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
29.10.2024 20:41
Фото:
ҚР ТЖМ / Видеодан алынған кадр
ШҚО құтқарушылары пәтердегі өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Өскеменде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде екінші қабаттағы пәтерде өрт орын алды.
ТЖД қызметкерлері баспалдақ маршымен 5 адамды, оның ішінде бір баланы құтқару қалпақтары арқылы эвакуациялады. Осылайша, тұрғындарды түтін аймағынан таза ауаға шығарды. Тәжірибелі өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермей, оны 35 шаршы метр алаңда жедел сөндірді, - делінген мәліметте.
Зардап шеккендер жоқ.

