pixabay.com

Өскеменде көпірдің астынан ер адамның мәйіті табылды

25.02.2025 16:16

25 ақпанда Өскемендегі Үлбі көпірінің астынан, Спорт сарайының маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция ақпаратты растады.

Марқұмның кім екені анықталды. Алдын-ала дерек бойынша мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған, - деді ШҚО Полиция департаменті.

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.