azh.kz

Өскеменде екі мыңға жуық үй жарықсыз қалды

02.12.2022 14:29

Бүгін Өскеменде электр желісінен ақау шығып, екі мыңға жуық үй мен тағы бірнеше көше жарықсыз қалған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Белгілі болғандай, бұған "Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы" АҚ-ның қосалқы станциясындағы апат себеп болып отыр.

№25 станцияда апат болды. Соның салдарынан 1800-ге жуық абонент жарықсыз қалды. Қазіргі уақытта сол жерде мамандар жұмыс істеп жатыр. Электр қуаты бірнеше сағаттың ішінде қалпына келтіріледі, - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұған дейін Өскемендегі жылу электр орталығынан ақау шыққаны хабарланған болатын.