Өскеменде 4-қабаттан 14 жастағы бала құлап кетті
Фото: Әлеуметтік желіден
Фото: Әлеуметтік желіден
14.12.2023 11:17
1190
Өскеменде төртінші қабаттағы терезеден он төрт жастағы жасөспірім құлап кетті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға 12 желтоқсан күні кешкі уақытта қаладағы Назарбаев даңғылында болған.
14 жастағы жасөспірімді шұғыл түрде жедел жәрдем қызметкерлері Ана мен бала орталығына жеткізді, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің.
Бас сүйегі жараланып, жіліншігі сынған баланың жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қарағанды облысында екі балықшы жоғалып кеткен