Өскемен қаласында 10 күн бойы трамвайлар жүрмейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Рельстегі жөндеу жұмыстарына байланысты қалада трамвайлар уақытша тоқтайды. Бұл туралы «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС-дан мәлім етті.
Үлбі көпірінен шыға берістердегі трамвай жолдарын қайта жаңғырту жұмыстарының басталуына байланысты 10 күн бойы, нақты айтқанда 4-13 қазан аралығында трамвайлар қатынамайды. Уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұраймыз, - делінген ақпаратта.
Бұл аумақтағы трамвай жолдарына жөндеу жұмыстары соңғы рет 1995 жылы жүргізілген. Бүгінде учаскедегі рельстер жарамсыз күйде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

