Жаңалықтар

Өскемен тұрғыны Орталық Азия тасбақаларын заңсыз сатпақ болған

Өскемен тұрғыны Орталық Азия тасбақаларын заңсыз сатпақ болған
Фото: polisia.kz 30.09.2024 17:48 356

Өскеменде полицейлер Орталық Азия тасбақаларының заңсыз сатылымының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияға жергілікті тұрғыннан үй жануарлары дүкендерінің бірінде бауырымен жорғалаушыларды ұстауға қатысты заң бұзушылық фактісі бойынша хабарлама келіп түскен.

Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері дүкенде тексеру жүргізіп, онда сатушылардың ұстауға және сатуға рұқсаты жоқ үш ортаазиялық тасбақаны тәркілеген. Ортаазиялық тасбақа осал түр ретінде Халықаралық табиғатты қорғау одағының қызыл тізіміне енгізілген, сонымен қатар жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенциямен (СИТЕС) қорғауға алынғанын айта кету керек, - делінген мәліметте.

Аталған факті бойынша оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, өткізу, тасымалдау, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Материалдар әрі қарай тергеу жұмыстарын жүргізу үшін Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясына берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға