Өскемендегі «Крылов» сорғы станциясында ақау пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Салдарынан қаланың орталық бөлігінің тұрғындары сусыз қалды.
Қалалық әкімдік шұғыл шаралар қабылданғанын мәлімдеді.
Апаттық бригада оқиға орнында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, сонан соң сорғы станциясының жұмысы қалыпқа келтіріледі, - делінген әкімдік таратқан мәліметте.
Әлеуметтік желіде тұрғындар судың өшірілетіні алдын ала хабарланбағанын жазып жатыр. Ал су түскі уақыттан бері жоқ екен. Сондықтан қала билігі тұрғындарға су жеткізуді ұйымдастырды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

