Жаңалықтар

Өскемен-Алматы пойызында жолаушы қайтыс болды

Өскемен-Алматы пойызында жолаушы қайтыс болды
Фото: видеодан алынған кадр 02.08.2024 17:35 1460

Өскемен-Алматы пойызында жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Жолаушылар тасымалы» баспасөз қызметі мәліметінше, 1 тамызда Сарыөзек станциясында №351 пойызына 74 жастағы ер адамның денсаулығының күрт нашарлауына байланысты жедел жәрдем шақырылған.

Жолаушы әйелімен Жаңғыз-төбе станциясынан Алматыға шыққан. Ер адам демікпеге шалдыққан және арнайы ем қабылдап жүрген.

Пойыз жолсеріктері жолаушылар және медицина қызметкерлерімен бірге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық мүмкін шараларды қабылдады. Жедел жәрдем бригадасы жолаушының қайтыс болғанын растады.

Қонаев станциясындағы полицияның желілік бөлімінде Өскемен-Алматы жолаушылар пойызында кенеттен адам қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға