«Оскарға» жол: Қазақстан атынан ұсынылған фильмдер қандай?
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Оскар сыйлығына өз фильмдерін ұсынып келеді. Бұл – ұлттық киноның сапасын әлемдік аудиторияға танытатын маңызды мәдени қадам. Ал осы жылдар ішінде ел атынан қандай фильмдер ұсынылды, қай туындылар халықаралық додада бақ сынады? Осы орайда еліміздің атынан ұсынылған отандық фильмдерге шолу жасап, олардың халықаралық деңгейдегі жолы мен мазмұнына тоқталдық.
«Отырардың күйреуі»
«Отырардың күйреуі» фильмі – 1991 жылы режиссер Ардақ Әмірқұлов түсірген драмалық фильм. Фильмде кейіпкерлердің тағдыры әсерлі шайқас көрінісімен шебер тоғысқан. Бұл – XIII ғасырдың басындағы Орталық Азиядағы тарихи оқиғаны баяндайтын ауқымды эпикалық туынды. Фильмнің сюжеті Отырар қаласының билеушісі Қайыр хан мен оның Шыңғыс хан әскеріне қарсы жүргізген қаһармандық қорғанысы төңірегінде өрбиді.
1991 жылы «Отырардың күйреуі» фильмі Қазақстан атынан «Оскар» сыйлығының «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына ұсынылды. Бұл туынды кино тарихында тәуелсіз Қазақстан атынан «лонг-листке» енген алғашқы фильм болды. Сол жылы картина Монреаль халықаралық кинофестивалінде Фипресси жүлдесімен және Фигейра-да-Фоштағы кинофестивальдің «Күміс табақша» марапатымен марапатталды.
«Моңғол» тарихи драмасы
Сергей Бодровтың 2007 жылы шыққан «Моңғол» тарихи драмасы – Шыңғысханның жас кезі мен билікке келу жолын баяндайтын Ресей, Германия және Қазақстан бірлесіп түсірген ауқымды жоба. Фильм 2007 жылы «Оскар» сыйлығына үздік шет тіліндегі фильм ретінде ұсынылып, «Ника» жүлдесін алты номинация бойынша жеңіп алды.
Фильм Тэмуджиннің балалық шағынан бастап, қиындықтарға толы өмірі, Бөртемен некесі, Жамухамен достығы мен жауласуы және моңғол тайпаларын біріктіріп, Шыңғысхан атануына дейінгі тарихты қамтиды.
«Аманат»
2016 жылы Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» тарихи драмасы Қазақстан атынан «Оскар» сыйлығының «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына ұсынылған. Фильм репрессия жылдарындағы тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тағдыры мен қазақ тарихының үш кезеңін баяндайтын, ұлттық рухты көтеретін туынды.
Бұл АҚШ кино өнері академиясының «Оскар» жүлдесіне «Шетел тіліндегі ең үздік фильм» категориясы бойынша үміткер ретінде ұсынылды.
«Айка» фильмі
2018 жылы Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмі «Оскар» сыйлығына Қазақстан атынан ұсынылып, шорт-листке ілінді. Кино картинада басты рөлді сомдаған Самал Еслямова 71-ші Канн кинофестивалінде «Үздік әйел рөлі» сыйлығын жеңіп алды. Бұл – Мәскеуде заңсыз тұрып жатқан, баласын перзентханада тастап кетіп, кейін іздеген қырғыз қызы туралы драма.
Тарихи драма репрессияға ұшыраған тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тағдырына арналған. Ермұхан Бекмаханов Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс жайлы ғылыми тұжырымдамалар жасаған.
«Шал» және «Жат»
2013-2015 жылдары Ермек Тұрсыновтың «Шал» және «Жат» фильмдері Қазақстан атынан «Оскар» сыйлығының «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына ұсынылды. фильмі адам мен табиғат арасындағы күресті, қазақы болмысты көрсетеді.«Шал» адам мен табиғат арасындағы күресті, қазақы болмысты көрсетеді. Фильм шалғай далада тұратын қария, келін мен немеренің өмірін баяндайды.
«Жат» фильмі де халықаралық кинофестивальдерде жоғары бағаланып, Қазақстан атынан американдық киноакадемияның басты сыйлығына талапкер ретінде таңдалды. Бұл картина нақты оқиғаларға негізделіп, 1930 жылдары тауға шығып, дәруіш болған Ілияс есімді азаматтың өмірін баяндайды.
«Жаужүрек мың бала»
2012 жылдың ең көп табыс әкелген фильмдерінің бірі – режиссер Ақан Сатаев түсірген «Жаужүрек мың бала» сол жылы комитет тарапынан «Оскар» сыйлығына ұсынылды.
Фильм қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсылығы туралы баяндайды.
«Сары мысық»
2021 жылы режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» картинасы «Шет тіліндегі үздік фильм» санатындағы «Оскар» киножүлдесіне ұсынылды.
Фильм қазақстандық «Бонни мен Клайдтың» оқиғасы негізінде түсірілген. Бұл – қылмысқа белшесінен батқан жас жігіт Кермек пен түзу жолдан адасқан қыз Еваның махаббаты туралы, екеуінің арасындағы қиындықтар мен олардың әлемге қарсы тұруы туралы оқиға.
Кермектің рөлін ресейлік актер Азамат Нығманов ойнаған, оны көрермен Алексей Мизгиревтің «Конвой» және Андрей Шальопаның «28 панфиловшылар» фильмдерінен біледі. Еваның рөлін жас қазақстандық актриса Камила Нұғманова сомдады.
«Өмір»
2022 жылы Эмир Байғазиннің «Өмір» фильмі Қазақстанның Оскар комитетінің шешімімен америкалық «Оскар» киноакадемиясының сыйлығына «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясында ұсынылды.
Байғазиннің жаңа картинасының әлемдік премьерасы осы күндері өтіп жатқан беделді Торонто кинофестивальінің «Заманауи әлемдік кино» секциясында орын алды. Картина тағдырлары қиылысып, бір калейдоскопты құрайтын адамдардың арасында жүріп, түрлі оқиғалар тізбегіне тап болатын кейіпкер туралы баяндайды.
«Бауырына салу»
Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» фильмі 2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстан атынан 2025 жылғы «Оскар» сыйлығының «Шет тіліндегі ең үздік фильм» номинациясына ресми түрде ұсынылды. Туынды «Тұлпар» ұлттық жүлдесін иеленіп, халықаралық деңгейде танылған.
Фильм қазақтың «бауырына салу» (баланы туған ата-анасына емес, ата-әжесіне тәрбиелеуге беру) дәстүрінің психологиялық драмасын баяндайды. Ол бұған дейін «Азия Оскары» сыйлығын алған.
«Кадет»
Қазақстанның Оскар комитеті 2026 жылғы «Оскар» кинопремиясына үміткер отандық фильмді анықтады. Комитет шешімімен режиссер Әділхан Ержановтың «Кадет» картинасы «Үздік халықаралық толықметражды фильм» номинациясына ұсынылды.

