Жаңалықтар

ОСК Respublica партиясы тізімінен тағы 2 адамды алып тастады

ОСК Respublica партиясы тізімінен тағы 2 адамды алып тастады
Фото: El.kz 15.02.2023 15:50 847

ОСК Respublica партиясы ұсынған 23 үміткерді ғана тіркеді. Екі үміткер өз өтініштері бойынша тізімнен шығарылды. Бұл туралы ОСК-ның он бірінші отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2023 жылы 8 ақпанда ҚР ОСК-ға Respublica партиясы құжаттарды өткізген.

ОСК комиссиясы мүшесі Шавхат Өтемісов ОСК Мәжіліс депутаты қылып сайлау үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен конституциялық заңға сәйкестігіне тексеру жүргізгенін айтты. Партия ұсынған Дархан Иманашев, Олжас Сұлтановты тізімнен өз өтініштері бойынша шығарылғанын мәлімдеді. Партиялық тізімге енгізілген басқа үміткерлер Конституцияның және Сайлау туралы заңның талаптарына сәйкес келетінін айтты.

"Respublica партиясы 23 депутатты тіркеді. Оның 34.8-%-і яғни 8 үміткер әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар”,- деді ОСК мүшесі Шавхат Өтемісов.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров партиялық тізімді тіркеу осымен аяқталғанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға