Жаңалықтар

ОСК Нұржан Әлтаев мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

Бұл туралы қорытынды отырыстан соң өткен брифинг барысында айтты
ОСК Нұржан Әлтаев мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: atameken.kz 12.10.2022 10:34 2133

Орталық сайлау комиссиясы Нұржан Әлтаевтың мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz

Бұл туралы қорытынды отырыстан соң өткен брифинг барысында айтты. 

Журналистің «алғашқыда Нұржан Әлтаевтың құжаттары бұрмаланды деген күдік тағылған еді. Үміткердің құжаттары қабылданды ма? Бұл мәселе қалай шешілді?» деген сұрағына орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман былай деп жауап берді. «Кеше Нұржан Бауыржанұлы Алтаев мырза лингвистикалық комиссияның конкурсына қатысып, мемлекеттік тілден емтихан тапсырды. Нәтижесінде мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін дәлелдеді. Бұл кандидаттың мәселесін жеке отырыста қаралатын болады»,-деді.

 Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының сайлау жөніндегі қорытынды отырысы өтті деп хабарлаған болатынбыз.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға