Жаңалықтар

ОСК-ға үгіт жұмысын жүргізу туралы мәліметті 465 БАҚ ұсынды

ОСК-ға үгіт жұмысын жүргізу туралы мәліметті 465 БАҚ ұсынды
Фото: El.kz 18.02.2023 12:40 5120
Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлау науқаны аясында он бесінші отырысын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сайлау алдындағы үгіт жұмысы кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін бірден басталады. Үгіт жүргізу 18-ақпан күні 18:00-де басталып, 18-наурыз күні 00:00-де аяқталады.
Енді БАҚ-тан арқылы үгіт-насихаттан бөлек, сайлау алдындағы іс-шаралар, үгіт материалдарын шығаруды онлайн платформалар арқылы жүргізуге болады.
Сайлау алдындағы үгітті жүргізу туралы толық ақпаратты Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова жеткізді.

«Үгіт материалдарын орналастыру шарттары туралы мәліметтерді ұсынамыз. Ақпарат үгіт басталғанға дейін 5 күннен кешіктірілмей, 14-ақпанға дейін берілуі тиіс. Белгіленген мерзімде 14-ақпанға дейін Орталық сайлау комиссиясына 465 БАҚ және 40 онлайн платформа пайдаланушысы, ал Аумақтық сайлау комиссиясына 2115 БАҚ, 55 онлайн платформа пайдаланушылар төлем мөлшері баспасөз беттеріне эфир уақытын жариялау тәртібінің шарттары туралы мәліметті ұсынды», - деді ол.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға