ОСК Дмитрий Легкийді Мәжіліс депутаты ретінде тіркеді
Бұл туралы ОСК баспасөз қызметі мәлімдеді
Фото: parlam.kz
Фото: parlam.kz
31.10.2022 14:05
1450
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Дмитрий Максимович Легкийді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді, деп хабарлайды El.kz ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің мүшесі Дмитрий Максимович Легкийге берілсін.
2. Дмитрий Максимович Легкий Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3. Дмитрий Максимович Легкийге белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.

Алдыңғы жаңалық
Қазақ спортшыларының жарқын жеңісі
Келесі жаңалық
Абай облысында жалпыөңірлік тазалық акциясы басталды