Жаңалықтар

ОСК-да сайлау науқанына қатысты бірқатар заң талқыланды

ОСК-да сайлау науқанына қатысты бірқатар заң талқыланды
Фото: tv7.kz 18.02.2023 13:35 1363

Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу барысындағы заңнамалық құқық туралы сөз етілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.


Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кезектен тыс сайлау тағайындалған күннен бастап прокуратура органдары алдына заңнамамен қойылған міндеттерді орындауға кірісті.


Отырыста Қазақстан Респуликасының Бас Прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев сайлау құқықтарына қол сұғатын құқық бұзушылықтар жасаған үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте 26 бап көзделгенін айтты. Оның 9-ы сайлау алдындағы үгітті жүргізу тәртібі мен шарттарын бұзуға арналған. Жандос Өмірәлиев заңның бірқатар бабына тоқталды.


«Біріншісі – 102-бап бойынша тыйым салынған кезеңде, яғни бүгін сағат 18:00-ге дейін, сондай-ақ дауыс беру күні және оның алдындағы күн, 18 және 19 наурызда сайлау алдындағы үгітті жүргізгені үшін жауапқа тартылу.
Келесісі – 103-бап. Ол кандидаттарға, саяси партияларға, олардың сенiм бiлдiрілген тұлғаларына сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу құқығын iске асыру процесiнде кедергi келтірген үшін жауаптылықты көздейді», - деді ол.


Сондай-ақ прокурор кодекстің 112-бабына сәйкес БАҚ және онлайн-платформалар арқылы сайлау алдындағы үгiтті жүргiзген тұлға «Сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген шарттарын бұзғаны үшін жауапқа тартылады дейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға