Жаңалықтар

ҰОС ардагері Ф.Хорунджев: Соғыс мені анамнан айырды

Ұлы Отан соғысы ардагері Филипп Руфоұлы Хорунджевтің тағдыры таңғажайып. Ата-анасынан айырылғанынан қарамастан, ол 13 жасар бала бола тұра, осыншалықты қиын-қыстау кезеңде тірі қалып қана қоймай, өз ғұмырында үлкен жетістіктерге жеткен.
11.03.2015 05:46 3647

Ұлы Отан соғысы ардагері Филипп Руфоұлы Хорунджевтің тағдыры таңғажайып. Ата-анасынан айырылғанынан қарамастан, ол 13 жасар бала бола тұра, осыншалықты қиын-қыстау кезеңде тірі қалып қана қоймай, өз ғұмырында үлкен жетістіктерге жеткен.

ҰОС ардагері Ф.Хорунджев: Соғыс мені анамнан айырды

Бүгінде Филипп Руфоұлына соғыс – бұл майдандағы ескі суреттерді көргенде туындайтын естелік қана қана. Бірақ та, бір кездері сол соғыс оның өмірін күрт өзгертті. Оның айтуынша, ең бірінші соққы фашист әскерлері Ростов облысындағы Новошахтинск қаласына таяп қалғанда орын алды. Шұғыл эвакуация кезінде ол анасынан айырылады.  

«Ол кезде бәрі тез болды, біз жағдайды ұғынып та үлгермедік, жылы киімдерімізді ала алмадық та. Үрей, қорқыныш, асығыстық... Машиналарға отырғызды, үлгергендер отырып жатты. Немістер келе жатыр, бомбалау, танктер қаптауда Барлығы босқындар, машиналарда да, арбаларда да, жаяу да. Сол кезде біз анам екеуміз ажырап қалдық, содан бері мен оны көрмедім», – дейді ардагер. 

Фашистердің зұлым әрекеттері 13 жастағы баланың есінде мәңгілікке үрей болып қалып қойды.   

«Немістердің ол жақта жасағандары – бұл енді сұмдық. Біз шегініп Кубаньға бара жатқанда, үйлердің терезелерінен үй гүлдерінің орнына адамның бастары тұрғанын көрдік. Еврейлерді, коммунистерді, полицейлерді біздің үркіту үшін қойып қойған» - деп есіне алды Филипп Руфоұлы.

Алайда, немістер жас баланы қорқыта алмады. Полктердің біріне түскен жас бала майдандағы әртүрлі тапсырмаларды орындап жүрді. Ол 4-ші украин майданында соғысты. Бір күні, кезекті бомбалау кезінде, Филипп Руфоұлы қолынан айырылды.

Кейіннен әскери ерлігі үшін ардагер жоғары мараппаттарға ие болды. 1945 жылы ақпанда «Ерлік үшін» медалін алды.

Соғыстан кейін өз өмірінің көп бөлігін Филипп Руфоұлы білім мен ғылымға арнады. Агроном мамандығы бойынша жоғары оқу орнын тәмәмдап, кейіннен экономика ғылымы бойынша кандидаттық жұмысын қорғады.           

Одан соң, тәжірибелік шаруашылықта жұмыс істеді. Оқу кезінде ол өзінің болашақ жарымен танысып, отбасын құрды. Бүгінде ардагердің жары қайтыс болған, ал қызы Ресейде тұрады.

Нағыз ғалым ретінде, ер азамат ретінде оның үйінде өз ойлап тапқан дүниелері тұрады. Оның күнделікті өмірінде тұрмыс-тіршілік үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған, жүйеленген және тәртіпке келтірілген. Осы күндері ардагер, ғалым ретінде, салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды насихаттайды және өзі де осы оны ұстанады. 


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға