Жаңалықтар

Орыс тілінде ән айтпаймын: әнші Тамара Гвердцителидің басы дауға қалды

Орыс тілінде ән айтпаймын: әнші Тамара Гвердцителидің басы дауға қалды
Фото: pic-words.site 02.08.2023 11:01 1544

Жақында ТМД көлемінде танымал әнші Тамара Гвердцители концерттік турмен Нью-Йорктің Бруклин штатында орыс тілді тыңдармандары алдында өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

 Аталған кеште әнші орыс тілінде ән айтудан бас тартты. Бұл әрине орыс тілді тыңдармандарға ұнаған жоқ. Тіпті, наразылықтарын білдіріп жатты.

Концертте болған көрермендердің басым көпшілігі Ресейден келген эмигранттар. Орыс тілде ән шырқалмаған камералық қойылымннан кейін, тыңдармандар бұл туралы әлеуметтік желіде жарыса жазды.

«Бүгін ата-анамды Гвердцителидің концертіне апардым. Орыс тілінде бірде-бір ән айтқан жоқ. Қателеспесем, грузин мен украин тілінде ән айтты. Көңіліміз толмады», «Ақша керек болған кезде Ресейге барып, әлі-ақ орыс тілінде сайрайды. Тамараны ақылды деп ойласам, жаңылыппын...», «Жарнама орыс тілінде болды. Одан бөлек, әншінің қай тілінде ән шырқағанын жақсы білеміз. Түк түсінсем бұйырмасын», - деген пікірлер бар. 

Айта кетейік, әнші Тамара Гвердцители концерті билеттерінің бағасы 75 доллардан 125 долларға дейін болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға