Жаңалықтар

Орыс тілі жөнінде халықаралық ұйым құрылады

Орыс тілі жөнінде халықаралық ұйым құрылады
Фото: жасанды интеллект DALL-E-3 20.11.2024 11:29 377

Мәжіліс «Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы, депутат Айгүл Құспан заң жобасының негізгі аспектілеріне тоқтала кетті.

Келісім 2023 жылы 13 қазанда Бішкекте жасалды.

Келісімнің негізгі мақсаты – халықаралық құқық субъектісі бар үкіметаралық ұйымға айналу. Орыс тілі – ағылшын, араб, француз, қытай тілдерімен қатар БҰҰ-ның ресми тілдерінің қатарына кіретінін атап өткен жөн. Шарт тараптар арасындағы достықты, тату көршілікті, өзара түсіністік пен өзара тиімді ынтымақтастықты, оның ішінде орыс тілін мемлекетаралық қатынас тілі және қарым-қатынас құралы ретінде сақтау және ілгерілету арқылы дамытуға және нығайтуға бағытталған, - деді Айгүл Құспан.

Мәжілістің жалпы отырысында заң жобасы бірден мақұлданып, ратификацияланды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға