Жаңалықтар

«Өртті қасақана қойды деген нұсқа бар». Марат Ахметжанов Абай облысындағы өртке қатысты

«Өртті қасақана қойды деген нұсқа бар». Марат Ахметжанов Абай облысындағы өртке қатысты
Фото: primeminister.kz 13.06.2023 12:44 1817

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов «Семей орманы» резерватындағы өрттің шығу нұсқаларын атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Үкімет кулуарында айтты.

Тергеу жүріп жатыр, өртті қасақана қойды деген нұсқа бар. Іс арнайы прокурорлардың өндірісіне қабылданды. Осы топта ІІМ қызметкерлері бар, тергеуді көрейік. Өрттің шығуына немқұрайлылықтың, найзағай түсудің нұсқасы бар. Сараптамалар мен іздестіру іс-шаралары жүргізіледі. Тергеуге екі ай уақыт берілді, - деді Марат Ахметжанов.

Сонымен қатар ол «Юрий Ильинге қатысты жеке іс немесе тексеру жүргізіле ме?» деген сұраққа да жауап берді.

Президент бас прокурорға тапсырма берді, оның аясында тексеру жүргізіледі. Өрт фактісі - бұл төтенше жағдай, адамдар қаза тапты, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеру болады. Неліктен уақтылы шара қолданбады? Немқұрайлылық та шығар. Қызметтік міндеттерін орындамау, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға