Жаңалықтар

Ортсайлауком мүшелері жұмыс сапарымен бірнеше облысқа барды

Бұл туралы ОСК баспасөз қызметі мәлім етті
Ортсайлауком мүшелері жұмыс сапарымен бірнеше облысқа барды
Фото: election.gov.kz 09.11.2022 19:09 884

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу шеңберінде ҚР ОСК мүшелері ел өңірлеріне көшпелі семинар-кеңестер сериясын жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz

ОСК хатшысы Мұхтар Ерман Шымкент қаласына, 5-7 қарашада Түркістан облысына, Ортсайлауком мүшесі Сәбила Мұстафина 7-8 қарашада Жетісу облысына барды.

Өңірлерде Ортсайлауком мүшелері аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы органдардың, кандидаттардың сайлауалды штабтарының, уәкілетті мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының мүшелерімен және БАҚ өкілдерімен семинар-кеңестер өткізді.

Семинар аясында аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Ортсайлауком мүшелерін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына дайындық жұмыстарының барысымен таныстырды.

Мәселен, Шымкент қаласы аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов Шымкентте 312 сайлау учаскесі жұмыс істейтінін, сайлаушылар саны 634 818 адамды құрайтынын хабарлады. Сайлаушылар тізімдері а.ж. 30 қазанында сайлау комиссияларына берілді, ал 4 қарашадан бастап сайлаушыларға танысу үшін ұсынылды.

Алдағы ҚР Президентінің сайлауы туралы халықты ақпараттандыру бойынша ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілуде. Қала бойынша 28 жарықдиодты экран және 122 сайлау баннерлері орнатылған.

Ерекше жағдайларға мұқтаж мүгедектігі бар сайлаушылар саны - 7514 азамат. Барлық сайлау учаскелерінде азаматтарға арналған арнайы пандустар, нашар көретін азаматтарға арналған тактильді жолақтар, арнайы бұрыштар және басқа да қажетті жабдықтар бар. Дауыс беру күні мүгедектігі бар азаматтар үшін 28 «Инватакси» және 53 әлеуметтік такси ұйымдастырылады.

Электоралды оқыту аясында сайлау комиссияларының 2 382 мүшесі тестілеуден өтіп, сертификаттар алды. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту 10 қарашаға дейін кезең-кезеңімен аяқталады.

Семинар жұмысына және Шымкент қаласындағы практикалық тренингке ЕҚЫҰ ДИАҚБ Миссиясының өкілдері де қатысты. Прокуратура және ішкі істер органдары семинарға қатысушыларды сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасын сақтауын қадағалауды жүзеге асыру, дауыс беру күні сайлау учаскелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы хабардар етті.

Түркістан облысының АСК төрағасы Әлібек Умаралиев облыс бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 1 163 860 азамат енгізілгенін хабарлады. Сайлаушылар тізімдері 2022 жылдың 30 қазанында учаскелік сайлау берілді, ал 4 қарашадан бастап сайлаушыларға танысу үшін ұсынылды.

Сайлау учаскесін нақтылау бойынша Call-орталыққа 2 139 қоңырау келіп түсті, 8 211 сұрау жеделхат-бот арқылы түсті.

Түркістан облысы әкімдігі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғымбековтың айтуынша, өңірде ҚР Президенті сайлауы туралы азаматтарды ақпараттандыру бойынша белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, өңірлік теледидарда 4 180 материал, ақпараттық сайттарда – 1 985, баспа БАҚ - та – 817, әлеуметтік желілерде-53 494 материал жарияланды. Сонымен қатар, 613 сыртқы жарнама материалдары орналастырылды, адамдар көп жиналатын жерлерде 122 демонстрациялық экранда сайлау туралы бейнероликтер үнемі таратылады.

Түркістан облысында мүгедектігі бар 60 329 адамның белсенді сайлау құқығы бар. Облыстың сайлау учаскелері пандустармен және тактильді көрсеткіштермен қамтамасыз етілген.

Сайлау күні облыста мүгедектігі бар адамдарға 36 инватакси және 42 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді. Нашар еститін азаматтар үшін сайлау учаскелеріне жест тілінің 101 маманын тарту жоспарлануда.

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Бақытгүл Нүсіпова облыста 447 сайлау учаскесі бар екенін, сайлаушылар саны 445 762 адамды құрайтынын хабарлады. Сайлаушылар тізімдері а.ж. 30 қазанында сайлау комиссияларына берілді, ал 4 қарашадан бастап сайлаушыларға танысу үшін ұсынылды.

Облыстың аудандары мен қалаларында 21 Call-орталық жұмыс істейді. Онда азаматтардан 300-ге жуық қоңырау түскен. Жеделхат-бот және «Сайлаушылар тізімінде өзіңді тексер» онлайн сервисі іске қосылды, оны 12 908 азамат пайдаланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға